Жасы он үштегі қария...
Жасы он үштегі қария...

Әулие Баязид Бистамидің қартайған шағында оған бір кісі келіп:

— Ақсақал, осы сіздің жасыңыз нешеде? — деп сұрапты. Баязид:

— Жасым бар болғаны он үште, — деп жауап берген екен. Әлгі кісінің көзі шарасынан шығып кете жаздап:

— Ау, қария! Мен сізбен қалжыңдасып тұрғаным жоқ? — деп шамданады. Салмақты қалпынан танбаған Баязид астарлап берген жауабының мәнісін былай деп түсіндіріпті:

— Менің ақиқатты тауып, құдайымды тани бастағаныма он үш жыл ғана болды. Сондықтан да мен оған дейінгі сүрген өміріме көңілім толмайды. Құдайға құл болып, құлшылықпен өткізген өмірімді ғана нағыз өмір деп санаймын деген екен.

 

Нұрбол СейілбекНұрбол Сейілбек
9 лет назад 3306
4 комментария
  • шығыс даналығы адамды ойға, сабырға жетелейді, блоктағы суретң ұнады, блок тұғырымызға қош келдің
    9 лет назад
  • шығыс даналығы иләһи қайнардан бастау алатындықтан, былайша айтқанда "обратный отчет" секілді - һ-өз-өзіңнен есеп алуға бастайды, алайда, мұны өткен шақпен шектеліп қалу деп ұқпау керек. жинақылық, алды-артыңды бағамдау деп түсіну керек, уақыттың өзі салыстыралы ұғымға айналып кетеді шығыс даналығына үңілсең
    9 лет назад
  • Ғибратты оқиға екен, рахмет!!!
    9 лет назад
  • сенің кішіпейілдігіңді қызғанамын
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир