Әулие Баязид Бистамидің қартайған шағында оған бір кісі келіп:
— Ақсақал, осы сіздің жасыңыз нешеде? — деп сұрапты. Баязид:
— Жасым бар болғаны он үште, — деп жауап берген екен. Әлгі кісінің көзі шарасынан шығып кете жаздап:
— Ау, қария! Мен сізбен қалжыңдасып тұрғаным жоқ? — деп шамданады. Салмақты қалпынан танбаған Баязид астарлап берген жауабының мәнісін былай деп түсіндіріпті:
— Менің ақиқатты тауып, құдайымды тани бастағаныма он үш жыл ғана болды. Сондықтан да мен оған дейінгі сүрген өміріме көңілім толмайды. Құдайға құл болып, құлшылықпен өткізген өмірімді ғана нағыз өмір деп санаймын деген екен.