Сыналып жатқаныңызды ұмытпаңыз
Қанша дегенмен жұмыр басты пендеміз ғой күнделікті өмірде әрбіріміз міндетті түрде адамдармен мінез қайшылығына түсіп жатамыз. Тіпті кейде мінезі салмақты, ешкімде шаруасы жоқ адамның өзін кейбір адамдар ұнатпай, онымен қақтығысып қалып жатады. Осындайда жалпы барлық адамға бірдей ұнау, баршаға бірдей жағу мүмкін бе деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың шешімін бізге Құранның мына бір аяты баяндайды: «Сендерді бір-бірлеріңе сынақ етіп (жараттық)» (Фурқан 20) Демек, адам мен адамның мінез тұрғысынан үйлеспей қалуы, қарапайым тіршілікте бір-бірімен пікірлері қарама-қайшылыққа түсіп,...